Мария Севостьянова Париждегі Гран-при турнирінің қола жүлдегері атанды
Қазақстандық таеквондошы Мария Севостьянова Парижде өтіп жатқан World Taekwondo Grand Prix Series турнирінде 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+.
Мария жартылай финалға дейін үш кездесу өткізіп, барлығында 2:0 есебімен жеңіске жетті. Ол Қытайлық Тайбэй өкілі Вей Чун Линді, венгриялық Лука Патакфалвиді және өзбекстандық Мадина Мирабзалованы жеңді.
Ал жартылай финалда қазақстандық спортшы Бразилия өкілі Мария Клара Пачекодан 0:2 есебімен жеңіліп, турнирдің қола жүлдегері атанды.