Марат Шахметов мансабын Бірінші лигада жалғастырады
«Хан-Тәңірі» футбол клубы қазақстандық жартылай қорғаушы Марат Шахметовпен келісімшартқа отырғаны туралы ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Марат Қазақстанның жасөспірімдер және жастар құрамаларына өнер көрсетті, команда капитаны болды. Қазақстан құрамасында 2011 жылдың 10 тамызында Сирия құрамасына қарсы жолдастық кездесуде дебют жасады.
Шахметов Қазақстан Суперкубогының (2011) иегері, сонымен қатар ел кубогын (2006, 2010, 2012) үш мәрте жеңді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram