logo

Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Хорватиядағы турнирде үшінші орын алды

Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Хорватиядағы турнирде үшінші орын алды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Загребте (Хорватия) өткен халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қысқа бағдарламадан кейін отандасымыз жетінші орында тұрған еді. Алайда еркін бағдарламада бірнеше сатыға жоғары көтерілді.

Самоделкина жалпы есепте 182,63 ұпай жинап, жарысты үшінші орынмен аяқтады.

Америкалық Брэдди Тэннел (194,97) жеңіс тойын тойлады. Ал Финляндия спортшысы Лида Кархунен (187,05) екінші орынға ие болды.



Күн шежіресі