Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Гран-при финалына өтті
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Гран-при финалына өтті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
22 қарашада, Хельсинкиде (Финляндия) ерлер арасындағы Гран-при сайысының соңғы кезеңі аяқталды. Жапониялық Юма Кагияма жарыста жеңімпаз атанды.
Алты кезеңнің қорытындысы бойынша Гран-при финалына қатысатын алты мәнерлеп сырғанаушы анықталды. Михаил Шайдоров жалпы есепте 24 ұпай жинады. Осы нәтижемен ол бесінші орынға тұрақтап, шешуші кезеңге жолдама алды.
Төменде финалға шыққан мәнерлеп сырғанаушылардың есімдері көрсетілген:
1. Никита Малинин (АҚШ) — 30 ұпай;
2. Юма Кагияма (Жапония) — 30 ұпай;
3. Шун Сато (Жапония) — 28 ұпай;
4. Адам Сяо Хим Фа (Франция) — 26 ұпай;
5. Михаил Шайдоров (Қазақстан) — 24 ұпай;
6. Дэниэль Грассль (Италия) — 20 ұпай.
Айта кетейік, Гран-при финалы 4-7 желтоқсан аралығында Нагояда (Жапония) өтеді.