Қазақстандық Григорий Ломакин қатарынан екінші рет Тунистегі турнирде жарыс жолына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ломакин бразилиялық Пауло Андре Сарайвой дос Сантоспен бір жұпта жергілікті спортшылар Райен Хермасси – Азиз Оуакадан 6:4, 6:4 есебімен басым түсті.

Өткен аптада Ломакин ресейлік Симакинмен бірге Тунистегі басқа турнирде жеңіске жеткен еді.