logo

Лицензиялық турнирге баратын боксшылар анықталды

Лицензиялық турнирге баратын боксшылар анықталды

Италияда өтетін бокстан әлемдік лицензиялық турнирге қатысатын боксшылар белгілі болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжановтың таңдауы келесі спортшыларға түсті:

51 келі: Сәкен Бибосынов

57 келі: Махмұд Сабырхан 

63,5 келі: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы

71 келі: Асланбек Шымбергенов

80 келі: Нұрбек Оралбай

92 келі: Айбек Оралбай

Бүгінгі күнге бокстан Қазақстан ерлер командасының еншісінде бір жолдама бар. Былтыр Азия ойындарында 92 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Қамшыбек Қоңқабаев Париж лицензиясын иеленген еді. 

Италиядағы іріктеу турнирі 29 ақпан мен 12 наурыз аралығында өтеді.



Күн шежіресі