Лицензиялық турнир: Назым Қызайбай бүгін шаршы алаңға шығады
Таиландтың Бангкок қаласында өтетін бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде бүгін ел құрамасының сапынан Назым Қызайбай (50 келі) шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қазақстандық боксшы алғашқы айналымында Назым словакиялық Николь Дуриковамен кездеседі. Қарсыласы - Словакия чемпионы, 22 жасқа деййінгі жастар арасында Еуропа чемпионатының күміс және қола жүлдегері.
Жекпе жек Қазақстан уақытымен 16:30-да басталады.
Назым Қызайбай 1993 жылы дүниеге келген. 2014, 2016 жылдарда әлем чемпионы атанса, 2012 жылы күміс медаль алды. Ал, 2021 жылы Азия чемпионы тұғырына көтерілді.
Айта кетсек, әйелдер құрамасында Назым Қызайбайдан басқа Ұлжан Сәрсенбек (54 келі), Римма Волосенко (60 келі), Наталья Богданова (66 келі) мен Валентина Хальзова (75 келі) ел намысын қорғайды.
Сондай-ақ ерлер құрамасында Мұхамедсабыр Базарбайұлы (63.5 келі) шаршы алаңға шығады.