logo

Лео Игита: Рақмет, Қазақстан!

Лео Игита: Рақмет, Қазақстан!

Футзалдан Қазақстан құрамасының капитаны Лео Игита әлем чемпионатының 1/4 финалында Аргентинадан (1:6) жеңілісі жайында пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

«Ойынды бақылай алмай қалдық, бұндай жағдай боп тұрады. Еңсемізді түсірмеуіміз керек. Бұл әлем чемпионатында жақсы ойнадық деп ойлаймын. Алаңда болған барлық батырларымызды мақтан тұтамын. Мен үшін бұл соңғы әлем чемпионаты.  Қазақстан халқына алғыс білдіргім келеді! 1:6 жеңіліп жатсақ та, барлығы бізге қолдау білдірді. Рақмет, Қазақстан!»



Күн шежіресі