«Лечче» ойыншысы «Тобылға» ауысты

Қостанайдың «Тобыл» клубы болгариялық жартылай қорғаушы Радослав Цоневпен келісімге келгенін ресми мәлім етті, деп хабарлайды sportplustv.kz.
Ол алғашқы кәсіби келісімшартына «Левскимен» 2013 жылдың 29 сәуірінде қол қойды.
«Левскиден» соң ол Италияның «Лечче» клубына көшті. Мұнда 50 ойын өткізді. Кейін ол «Витебрезе» және «Монополи» клубтарына жалға берілді.
2020 жылы Цонев туған клубына оралды. Ойыншы 2022 жылы Кырджали қаласының «Арда» клубына ауысты.
Ол Болгария футбол құрамасында 2021 жылы 12 қазанда Солтүстік Ирландияға қарсы әлем чемпионатының іріктеу матчында дебют жасады. Туған күні:
29 сәуір 1995
Бойы: 175 см
Салмағы: 66 келі
Позициясы: жартылай қорғаушы
Азаматтығы: Болгария