logo

«Лацио» мен «Аталанта» арасындағы матч – римдіктер үшін еурокубоктарға соңғы мүмкіндік: матчтың тікелей трансляциясы

«Лацио» мен «Аталанта» арасындағы матч – римдіктер үшін еурокубоктарға соңғы мүмкіндік: матчтың тікелей трансляциясы

Биылғы сәтсіз трансферлік саясат, яғни команданың көшбасшысын сату, «Лацио» клубын А Сериясының алғашқы ондығының соңына түсіріп, чемпионат арқылы еурокубоктарға жолдама алу мүмкіндігінен айырды.

Осылайша, соңғы 13 жылда римдіктер 4 рет финалға дейін жеткен Италия кубогы «Лацио» үшін еурокубоктарға шығудың басты мүмкіндігіне айналмақ.

Жартылай финалда «бьянкочелестиге» қарсы үш бағытта — А Сериясында, Италия кубогында және Чемпиондар лигасында күресін жалғастырып жатқан «Аталанта» футболшылары ойнайды. «Бергамаскілер» күштерін осы үш турнирге дұрыс үлестіре ала ма? Бұл әзірге ашық сұрақ.

Жартылай финалдың алғашқы матчы Рим қаласында 4 наурыздан 5 наурызға қараған түні өтеді. Ойынның басталуы — 01:00–де.

Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.



Күн шежіресі