Ла-Лига ойыншысы Астанадағы уақыты туралы айтты
«Астананың» экс жартылай қорғаушысы Неманья Максимович Астанадағы уақытты мәнсабындағы ең жақсы кез деп атады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Агентім хабарласып, «Астанадан» жақсы ұсыныс бар екенін жеткізді. Мен қиын болатынын айттым, өйткені Қазақстан туралы ешнәрсе білмедім, Сосын интернеттен ақпарат оқып, сол жақта ойынап жүрген сербтерден де сұрадым. Олар Қазақстан туралы тек жақсы пікір білдірді. Бірнеше күн өткен соң «Астанаға» ауысуға келістім. Бұл менің мәнсабымдағы ең жақсы кезең болды – еврокубоктарда ойнадым, жүлделі болдым», - деді Максимович Meta-ratings.kz сайтына берген сұхбатында.
Максимович «Астана» сапында 2015-2017 жылдар аралығында ойнады. Кейін «Валенсия», «Хетафе» ойыншысы атанды. Жаңа 2024/2025 маусымында сербиялық жартылай қорғаушы Грекияның «Панатинаикос» клубының қатарына қосылмақ.