logo

Күрестен Қазақстан чемпионаты: алғашқы күннің финалистері анықталды

Күрестен Қазақстан чемпионаты: алғашқы күннің финалистері анықталды

Астанадағы күрес түрлерінен Қазақстан чемпионатында алғашқы күннің финалистері анықталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Жарыс грек-рим күресінен белдесулерден басталды. Алғашқы күннің бағдарламасында 97 келі - олимпиадалық салмақ дәрежесі, қалған төрт салмақ Олимпиадалық категорияға жатпайды. Дегенмен, барлық салмақта да күрес аса тартысты өтіп, кей лидерлер өз мықтылығын дәлелдесе, басқа спортшылар бірінші нөмірлі спортшылардан басым түсті.

Бірінші күннің финалына шыққан балуандар:

55 кг Айбек Айтбеков (Астана) - Нұрзат Қабдырахимов (Жетісу облысы)

63 кг Ержет Жарылқасын (Жамбыл облысы) - Диас Әскербай (ШҚО)

72 кг Ерасыл Нұрбосынов (Алматы облысы) - Николай Хапко (СҚО)

82 кг Альмир Төлебаев (Жетісу облысы) - Евгений Поливадов (Атырау облысы)

97 кг Олжас Сырлыбай (Қызылорда облысы) - Иусуф Мациев (Қостанай облысы)

Грек-рим күресінен Қазақстан чемпионатының финалы Астана уақытымен сағат 18:00де басталады.