logo

Кураш пен мас-реслинг жарысы Sport Plus Qazaqstan эфирінде

Кураш пен мас-реслинг жарысы Sport Plus Qazaqstan эфирінде

Бүгін, 9 қыркүйек күні Астанада V Дүниежүзілік Көшпенділер Ойындарының ресми түрде жарыс бағдарламасы басталады. Sport Plus Qazaqstan телеарнасы - кешенді жарыстың ресми хабар таратушысы.

Алғашқы күні телеарнада екі спорт түрінен көрсетілім ұйымдастырылады – Кураш және Мас-реслинг.

Кураш – Өзбекстанның ұлттық белбеу күресі. Қос қарсылас дзюдоның татамиіне ұқсас алаңда тұрып күреседі. Тек тұрып күресуге рұқсат берілген және лақтыру мен аяқтан шалу бар. Соққы жасау, қылғындыру және белден төмен әдістерге тиым салынған. Жарысқа ерлер және әйелдер бірнеше салмақ дәрежесі бойынша қатысады, ерлер – 60, 66, 73, 81 және 100 келіден жоғары, әйелдер – 57, 70, 87 келі.

Мас-реслинг - солтүстік ұлттарының төл спорты. Мас-рестлингте қарсыластар бір біріне қарама қарсы отырып, аяқтарын тақтайға тірейді және қос қолдап таяқтан ұстайды. Жеңіске жету үшін спортшы таяқты қарсылас қолынан жұлып алуы керек немесе қарсыласты өз жағына тартып алуы тиіс. Жекпе жек бір балуанның екі жеңісіне дейін жалғасады.

Бұл спорт түрінде де ерлер арасында бес салмақ дәрежесі бойынша және әйелдер арасында үш салмақта жеңімпаздар анықталады.

Жарыстың және теле көрсетілімнің басталуы сағат 10:00. Көрсетілім Sport Plus Qazaqstan телеарнасында және sportplustv.kz сайтында болады.



Күн шежіресі