Куэльо мен Риос жеңіліссіз келеді – WBA белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді. Жекпе-жектің тікелей эфирі

Бенгазиде (Ливия) бокс кеші өтеді, басты жекпе-жекте WBA нұсқасы бойынша 57,2 кг салмақтағы уақытша вакантты титул сарапқа салынады.
Бұл белбеу үшін жеңіліп көрмеген аргентиналық Мирко Куэльо (15-0, 12KO) мен сондай-ақ әлі жеңіліссіз келе жатқан Серхио Риос (19-0, 7KO) жұдырықтасады. Аргентиналық боксшы біраз уақыттан бері чемпиондық титулға міндетті үміткер ретінде танылып келеді. Ал мексикалық Риос көбіне өз елінде жұдырықтасқандықтан, ірі кездесулерге қатыспаған және бұл жекпе-жекке «күрең ат» мәртебесінде шығады.
WBA тұжырымы бойынша осы салмақтағы негізгі чемпион Ник Болл Ноа Иноуэмен жекпе-жек өткізуі тиіс. Осыған байланысты ұйым уақытша чемпиондық белбеуді қолға енгізуді жөн көрді.
Бокс кеші Астана уақытымен 23:00–де басталады.
Тікелей эфир sportplustv.kz сайтында және Sport+ арнасында қолжетімді болады.