Кубокқа мотивация қалды ма? «Вест Хэм» – «Брентфорд» матчының тікелей эфирі
Англия Кубогының 1/8 финалында Премьер-лигада өнер көрсететін екі команда — «Вест Хэм» мен «Брентфорд» кездеседі. Екі клуб та чемпионаттағы мәселелерін шешуге тырысып жатыр.
«Балғашылар» келесі маусымда Премьер-лигада қалу үшін барын салуда — құтқарушы аймақтан небәрі бір ұпайға қалып келеді. Ал «Брентфорд» келесі жылы еурокубоктарға жолдама беретін алғашқы алтылыққа кіруді көздейді.
Командалар Кубоктағы күресті жалғастырып, екі бағытта бірдей күш салуға дайын ба? Мұны 9-наурыздан 10-наурызға қараған түні білетін боламыз.
«Вест Хэм» — «Брентфорд» матчы 00:30–да басталады. Ойынның тікелей трансляциясын sportplustv.kz сайтынан көруге болады.