Кубок үшін текетірес: Англия кубогы аясындағы «Манчестер Сити» – «Саутгемптон» матчының трансляциясы
Пеп Гвардиола және оның «Манчестер Сити» командасы барлық турнирлерде жеңіске ұмтылуда. Лига кубогынан бөлек, «Манчестер Сити» «Бернли» клубын жеңіп, Англия Премьер-лигасы турнирлік кестесінде бірінші орынға көтерілді.
Енді кезек Англия кубогы бәсекесіне келді. Бұл жолы «қалалықтарға» «Саутгемптон» қарсы тұрмақ. Олар өткен кезеңде «Арсенал» командасын 2:1 есебімен жарыстан шығарған еді.
Айта кету керек, «Саутгемптон» Чемпионшип өкілі болғанымен, өз лигасының көшбасшыларының бірі саналады.
«Саутгемптон» сенсация жасай ала ма, әлде Гвардиола шәкірттері тағы бір трофейге апаратын қадам жасай ма?
Матч 21:15–те басталады. Тікелей эфир sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.