Кристина Шумекова: Қазақстанның гимні шырқалғанда, сен пьедесталда тұрғаның – керемет сезім
Конькимен жүгіруден жастар арасындағы абсолютті әлем чемпионы Кристина Шумекова Sport+ арнасына берген сұхбатында елге оралудағы сезімдерімен бөлісті:
«Чемпионат алдында қалай жүгіремін, не істеймін деп ойлаған кезде, әрине, медальдарға үміттендім, бірақ ол 500 метрлік қашықтықта болар деп ойламадым. Әлем кубогының кезеңдерінде осы қашықтықта бірде-бір медаль ала алмадым, тек чемпионатта бірінші болуға мүмкіндік туды. Сезімдер керемет, сөзбен айтып жеткізу қиын, пьедесталда тұрғаныңда Қазақстанның гимні шырқалған кезде. Бұл шынымен таңқаларлық сезім», — деді Кристина.