«Комо» тарихи нәтижеге жету жолында: «Наполи» — «Комо» ойынының тікелей эфирі
«Комо» XXI ғасырда алғаш рет Италия кубогының ширек финалына жетіп, енді жартылай финалға шығуға мүмкіндік алып отыр.
Олардың жолында — қазіргі чемпион «Наполи», бұл маусымда өз алаңында әлі бірде-бір рет жеңілмеген команда.
Сонымен қатар, дәл қазір «Комо» А сериясындағы ең ойыншыл командалардың бірі саналады және өз тарихында алғаш рет еурокубоктарға жолдама алуға талпынып жүр. Кубокта да «көлдіктер» еш қиындық көрген жоқ — «Сассуоло» мен «Фиорентинаны» жеңді.
Ал «Наполи» 1/8 финалда айтарлықтай қиындықтарға тап болып, «Кальяриді» тек пенальтилер сериясында ғана ұтты.
Бұл маусымда командалар Италия чемпионаты аясында кездескен, ол ойын 0:0 есебімен аяқталған.
Енді жаңа кездесу 10 ақпаннан 11 ақпанға қараған түні сағат 01:00–де өтеді.
Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.