logo
Live

Классиктер әлемдік лицензиялық турнирін бастайды

Классиктер әлемдік лицензиялық турнирін бастайды

9 мамыр күні Стамбулда күрес түрлерінен әлемдік лицензиялық турнир басталады. Бұл Париж Олимпиадасына жолдама үлестірілетін соңғы жарыс, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Жарыс грек-рим күресінен басталады. Отандық күрес түрлерінде классиктер озып тұр. Өйткені оларда тек екі жолдама жетіспейді. Түркиядағы бәсекеде 67 келі салмақ дәрежесінде Дінмұхамед Қошқар боз кілемге шығады. Оның алғашқы қарсыласы - өзбек балуаны М.Бакшиллоев. Қазақ спортшысына лицензия иегері атану үшін төрт белдесуде жеңіске жету керек.

97 келіде Юсуф Мациев Л.Лазогианиспен (Германия) күреседі. Оған да төрт кездесуде үздік шығу керек. Жалпы әлемдік турнирдегі қатысушылар саны өте көп. 93 елден 517 балуан бақ сынайды. Ал жолдама саны әр салмақ дәрежесінде үшеу. Олар қос финалистке және үшінші орын алған қос балуанның өзара белдесуінде мықты болған болған спортшыға беріледі.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан грек-рим құрамасында 60, 77, 87, 130 келі салмақ дәрежелерінде Олимпиада жолдамасы бар.