Кирилл Герасименко Омандағы турнирде ел намысын қорғайды
19-24 қаңтар аралығында Оманда үстел теннисінен WTT Contender Muscat турнирі өтеді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан атынан Кирилл Герасименко, Ескендір Харки, Сарвиноз Миркадирова өнер көрсетеді.
Кездесуге қатысатын спортшылардың қатарында: Лин Шидун (Қытай, әлемдік рейтингте № 2), Лян Цзинкунь (Қытай, № 7), Бенедикт Дуда (Германия, № 13), Дарко Йоргич (Словения, № 15), Патрик Франциска (Германия, № 20), Антон Келлберг (Швеция, № 27), Омар Ассар (Мысыр, № 28), Ши Сюньяо (Қытай, № 13), Чэн И-Цзин (Қытай Тайбэйі, № 21), Цинь Юйсюань (Қытай, № 33), Линда Бергстром (Швеция, № 43), Маника Батра (Үндістан, № 50) бар.