logo

Кирилл Бауэр Универсиаданың қола жүлдегері атанды

Кирилл Бауэр Универсиаданың қола жүлдегері атанды

Италияның Турин қаласында өтіп жатқан Қысқы универсиадада қазақстандық биатлоншы Кирилл Бауэр қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Sport+ Kazinform сайтына сілтеме жасай отырып. 

Қазақстандық спортшы 15 шақырымдық масс-стартта үздік үштікке ілікті.

Дегенмен Қазақ туризм және спорт академиясының студенті, 24 жастағы Бауэрдің алтын алатындай мүмкіндігі толық бар еді. Бірінші ату айлағында ол нысана көздеуден бір рет мүлт кетті. Ал екінші және үшінші ату айлағында бәрін дәл тигізіп, көш бастады. Өкінішке қарай, төртінші ату айлағында үш рет қателесіп, үшінші орынға түсіп қалды.

Мергендік танытқан франциялық Натанэль Пигуин 42:53.1 уақытпен мәре сызығын бірінші болып қиды. Швециялық Карл Грёнланд одан 28.1, К.Бауэр 33.8 секундқа қалып қойды.

Қазақстандықтар Вадим Куралес алтыншы, Никита Акимов жетінші орыннан көрінді. Ержанат Қуандық 19-ыншы болып келді.



Күн шежіресі