Кемі 2 алтынды «жұлып» алады: Бақтияр Артаев
2004 жылы бокстан Олимпиада чемпионы, Вэл Баркер Кубогінің иегері Бақтияр Артаев бокстан Қазақстан құрамасының Парижде өтетін Олимпиада ойындарындағы мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Үміт зор. Олимпиадаға аттанған барлық спортшымыздың алтын алуға мүмкіндігі жоғары. Бәрі өз қолдарында. Алтын кімге бұйырады? Алтын еңбегі сіңген адамға бұйырады. Күні-түні жаттығып, шынайы еңбектенген адамға Алла береді. Алла қаласа, кемі 2 алтын еншілейді деп ойлаймын.
Қыздардан 1 алтын, ерлерден 1 алтын күтіп отырмын. Жалпы, барлығы бабында, өте жақсы дайындалған. Бізде 3-4 алтын алуға да мүмкіндік бар. Өзі жеті салмақ болса, әйелдерде бес салмақ болса, бәрін бізге берері шамалы. Соның өзінде біздің балалар кемі 2 алтынды «жұлып» алады деген ойдамын», - деді Бақтияр Артаев.