Казахстандық боксшы Коханчик RCC Hard Гран-при аясында жартылай финалдық жекпе-жек өткізеді
Казахстандық боксшы Михаил Коханчик 9 қараша күні Түменде RCC Hard Гран-при аясында жартылай финалдық жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Sport+.
Коханчиктің қарсыласы ресейлік спортшы Дмитрий Савин болмақ.
Жұдырықтасу лигасында Михаил 29 қыркүйекте дебют жасап, алғашқы раундта Лери Амировты нокаутпен жеңген.
Кәсіби бокста қазақстандық спортшының рекорды – 6 жеңіс және 1 жеңіліс.