logo

Қазақстан құрамасы ЕУРО-дан тыс қалу қаупінде ме?

Қазақстан құрамасы ЕУРО-дан тыс қалу қаупінде ме?

Футзалдан Қазақстанның құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында сырт алаңда Армениямен кездесті, деп хабарлайды Sport+.  

Ойын 4:2 есебімен Арменияның пайдасына аяқталды.  

Армения құрамасының сапында Никита Хромых хет-трик жасаса, тағы бір голды бос қақпаға қақпашы Альберт Агажанов соқты. Ойынның соңында Агажанов өз қақпасына да гол соғып алды, ал Қазақстан құрамасының жалғыз голының авторы Даурен Турсағұлов болды.  

Қазақстан Еуро-2026 турниріне тікелей жолдама ала алмады және енді өз мүмкіндігін плей-офф кезеңінде сынайды. Бұл кезеңге топтарда екінші орын алған үздік сегіз команда қатысады.



Күн шежіресі