«Каспий» шәкірті клуб сапына оралады
23-жасар шабуылшы Бақдәулет Көңлімқос Ақтаудың «Каспий» клубына оралады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бақдәулет 2018 жылы ақтаулық клубтың жастар құрамасында алғаш рет алаңға шыққан. Бір жылдан соң негізгі командаға ауысқан.
2000-2022 жылдары «Каспий» сапында чемпионат аясында 6 матч, Кубок сайысында 5 ойын өткізген. Жастар командасымен 29 матчқа қатысып, 8 гол соққан.
Көңлімқос өткен маусымды «Ақжайық» қатарында өткізді. 26 ойында 5 гол авторы атанды. Сонымен қатар, Қазақстан Кубогында 6 матч өткізген.