Кәсіпқой боксшы Асхат Жантұрсынов келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Асхат Жантұрсынов (7-1, 6 КО) Instagram парақшасында келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Жекпе-жек төртінші тамызда Ыстамбұлда өтеді. Ауыр салмақта WBS халықаралық белбеуі үшін өтеді», — деп жазды Жантұрсынов әлеуметтік желідегі парақшасында.
1 ақпанда Бакуде (Әзірбайжан) қазақстандық боксшы жекпе-жектің бірінші раундында грузин спортшысы Мугавила Мұсаевты (3-1, 2 КО) нокаутқа түсірді. Бұл жеңіс Жантұрсынов үшін кәсіпқой рингтегі жетінші жеңісі болды.