Кәсіпқой бокс: Жәнібек Әлімханұлы салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті
WBO/IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) міндетті қарсыласы Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Жәнібек таразыда 159,6 фунт (72,3 кг) болды, ал Андрей- 159,9 фунт (72,5 кг) шықты.
Жәнібек қарсыласын жеңетініне сенімді екенін, Сиднейде еліміздің байрағын желбіреткісі келетінін айтқан еді.
Айта кетейік, Жәнібек - Андрей жекпе-жекгі No Limit Boxing промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен 4 қазан күні Австралияның Сидней қаласындағы The Star аренасында өтеді.
Боксшылар IBF әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады.