logo

Каратэшілер Фуйджейраға келді

Каратэшілер Фуйджейраға келді

WKF каратэден Қазақстан юниорлар мен жастар құрамасы 20-23 ақпан аралығында каратэ 1 санатындағы Фуджейрадағы турнирге қатысады, деп хабарлайды Sport+ Kazinform сайтына сілтеме жасай отырып.

Қазақстан каратэ федерациясының баспасөз қызметі атап өткендей, команда осы мақсатта Түркістан облысындағы Alma-Tau тау курортында оқу-жаттығу жиынын өткізді. Бұл – Ұлттық құраманың биылғы алғашқы жаттығу жұмысы. Барлығы жиынға 34 спортшы жиналып, алдағы халықаралық жарыстарға дайындығын пысықтады.

Команданың аға жаттықтырушысы – Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Дархан Асаділов. 

Фуджейрадан кейін жас каратэшілеріміз Қазақстан чемпионаты мен ел ішіндегі рейтингтік жарыстарда сынға түседі. Осы арқылы биыл Қытайда өтетін Азия чемпионатына баратын команда жасақталады.

Фуджейра турнирі - ұзақ жылдан бері өтетін дәстүрлі жарыс. Мұнда жыл сайын кем дегенде 3 мың спортшы күш сынасады.



Күн шежіресі