Кака: Ойын барысында керек сөзді таба алмағаныма бар жауапкершілікті өз мойныма аламын
Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Кака әлем чемпионатының ширек финалындағы Аргентинамен матч жайында пікірін білдірді (1:6), деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Бүгін өзімізге лайық нәтижеге қол жеткіздік деп ойлаймын. Біз өз деңгейімізден әлдеқайда алыс болдық. Футзал сондай – кеше мақтау естісек, бүгін сәтсіздікке ұшырадық. Ойын барысында керек сөзді таба алмағаныма бар жауапкершілікті өз мойныма аламын. Бұл ойын біздің құрама тарихындағы ең сәтсіз матч деп айтуға болады. Бұндай қолдауға лайық болмадық. Әрі қарай жылжимыз, өмір жалғасады. Ішкі күйіміз жеңіске дайын болмады», - деді тәжірибелі бапкер.