«Кайраттан» кейінгі бірінші матч. «Спортинг» — «Морейренсе» ойынының тікелей эфирі

«Спортинг» апта ішінде алматылық «Қайрат» клубына қарсы Чемпиондар лигасының матчын өткізді (4:1), сондықтан олардың келесі ойыны демалыс күндерінен дүйсенбіге ауыстырылды.
Алматылықтардан кейін «арыстандардың» (Спортингтің лақап аты) келесі қарсыласы — қазіргі уақытта турнир кестесінде «Спортингпен» қатар тұрған «Морейренсе» болады. Екі клубтың да 5 турдан кейін 12 ұпайы бар.
Лиссабондықтар турнир кестесінде жоғарыда тұр, себебі олардың доп айырмашылығы жақсырақ — 15:4, ал «Морейренсе» — 8:4.
«Спортинг» — «Морейренсе» матчы 22 қыркүйектен 23 қыркүйекке қараған түні сағат 00:15–те өтеді.
Тікелей эфир Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.