Юрий Щукин: Нәтиже біз күткендей болған жоқ

Теннистен Қазақстан құрамасының капитаны Юрий Щукин Оңтүстік Кореямен өткен матчтың қорытындылары туралы айтты, деп хабарлайды Sport+.
«Өкінішке қарай, Александр Бублик жамбасының бұлшық етін ауыртып алып, бүгін тіпті кортқа шығып, матчты аяқтай алған жоқ. Әрине, бұл өте өкінішті, өйткені біз оның соңғы үш айдағы жақсы бабынан үміттенген едік. Көшбасшы ойыншы жарақат алғанда, әрқашан да аздап асып-сасу туындайды. Осылай болды, бізге құрамға өзгерту енгізуге тура келді. Жұптық сын туралы айтсақ, бізде жұптасып ойнайтын дуэттер көп емес. Шевченко — Скатовтың аздап тәжірибесі бар, олар Дэвис кубогының Пәкстанмен өткен матчында ойнады, Алматыдағы ATP турнирінде табысты өнер көрсетті. Сондықтан бұл матчта дәл осы жұпқа басымдық берілді. Жұптық кездесуден кейін жекелей сынға шығу өте қиын. Дима жаттығуда өзін жақсы қырынан көрсетті, Дэвис кубогына дейін мықты қарсыластарды да ұтты. Сол себепті оны шығару жөніндегі біздің шешіміміз тосыннан туындаған жоқ. Алайда бұл жолы, өкінішке қарай, нәтиже біз күткендей болған жоқ»
Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!