logo

Юрий Щукин: Команда жаңартылды, жеңіске жетуге барымызды саламыз

Юрий Щукин: Команда жаңартылды, жеңіске жетуге барымызды саламыз

Дэвис Кубогының бірінші әлемдік тобы аясында Қазақстан мен Дания құрамалары кездеседі. Матч қарсаңында команда капитандарының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Қазақстан құрамасының капитаны Юрий Щукин Хольгер Рунесіз де Данияны жете бағаламауға болмайтынын ерекше атап өтті.

«Көшбасшысы болмаса да, Дания командасы өте мықты, матчта жеңіске жетуге және ең жоғары деңгейде болуға дайындық үстіндеміз. Біз көптен бері туған жерімізде ойнаған жоқпыз және жеребе бізге өз жерімізде өнер көрсетуге мүмкіндік бергеніне қуаныштымыз. Менің ойымша, трибунадан қысым болмайды, біз үшін позитивті, халық бізді қолдайды деп ойлаймын.

Бізде команда жаңартылды, таңдауға тұрарлықтай. Жас команда жиналды, барлығы да ойнауға деген құлшынысы асып тұр. Даниялықтардың қойған мақсаттары жоғары, қолымыздан келгенше барынша күшімізді саламыз. Жұптық ойынға және кім ойнайтынына келетін болсақ, біз әртүрлі нұсқаларды қолданып көреміз деп айта аламын. Біз бірінші күннің нәтижелеріне сүйенеміз», - деді Щукин. 

Қазақстан мен Дания құрамалары арасындағы матчтар Астанада 14-15 қыркүйекте өтеді.