Юрий Перцух жаңа клуб тапты

28-жасар жартылай қорғаушы Юрий Перцух қарағандылық «Шахтердің» футболшысы атанды, деп хабарлайды Sport+.
Перцух былтырғы жылғы маусымды семейлік «Елімай» сапында өткізді. Қазақстан чемпионаты аясында ол 14 матч ойнап, 2 гол соқты.
Айта кететіні, Юрий «Шахтер» сапында 2023 жылы ойнаған болатын. Қарағандылық клубтан бөлек ол «Астана», «Ақтөбе», «Атырау», «Ақжайық» және «Қызылжар» командаларында өнер көрсетті.
Бұған дейін Перцухқа «Атырау» клубы қызығушылық танытқан болатын.
Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Юрий 17 матчта 1 голмен көзге түсті.