Юрий Бушман: Лобанцевқа айып добынан гол соққаннан кейін, ол «енді олай жасама» деп айтты
Петропавлдық «Қызылжар» клубының ойыншысы Юрий Бушман Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында командаға қайта оралуы туралы айтты.
- Сіз «Қызылжармен» оқу-жаттығу жиынына қатысқан жоқсыз. Командаға тек маусымның басында қосылдыңыз. Ойын ритміне кіру қиынға соқты ма?
- Командамен 4 ай жаттыққан жоқпын. Тек жеке жаттығу жұмыстарын жүргіздім. Әрине, оқу-жаттығу жиындарын өту маңызды. Сол себепті командаға қосылғаннан кейін максималды түрде тез физикалық жағдайымды қалыпқа келтіруге тырыстым.
- Маусымнан аяқталғаннан кейін клуб сіздің командадан кеткеніңіз жайлы хабарлады. Командаға оралу мүмкіндігі қалай пайда болды?
- Бастапқыда командадан кетемін деген жоспар болған. Бас бапкер және клуб басшысымен сөйлескеннен кейін клубта қалу жайлы шешім қабылдадым.
- «Елімай» клубына қарсы сіз досыңыз, экс-командаласыңыз Мирослав Лобанцевке айып добынан гол соқтыңыз. Матчтан кейін Лобанцев сізге не айтты?
- Енді олай жасама деп айтты. Ал мен «қарқынды жұмыс істе» деп жауап қаттым.
- Көптеген ойындарда сіз командаға жеңіс сыйлаған нәтижелі пастармен көзге түстіңіз. Жаттығудан кейін сіз айып алаңына әуелетіп пас асыру мен айып доптарын тебуіп жеке дайындаласыз ба?
- Иә, жаттығу барысында да қапталдан пас асыруға көп көңіл бөлеміз. Сонымен қатар жеке қалып, айып соққыларын теуіп жұмыс жасаймын.
- Сіздің ұлыңыз «Монако» академиясында жаттығады. Болашақта жолыңызды қуып, футболшы болғанын қалайсыз ба?
- Әрине, кәсіби футболшы болып, жақсы командаларда өнер көрсетсе тамаша емес пе. Ол баскетболды да жақсы ойнайды. Қандай таңдау жасаса да қолдаймын.