logo

Юлия Путинцева: Өзімді қазақ қызындай сезінемін

Юлия Путинцева: Өзімді қазақ қызындай сезінемін

АО турнирінің үшінші айналымындағы жеңістен кейін өткен баспасөз мәслихатында Юлия Путинцеваға қазақстандық жанкүйерлердің қолдауы және азаматтығын Ресейден Қазақстанға ауыстыруы туралы сұрақ қойылды.

«Егер Қазақстан федерациясы болмағанда, мен мұнда болмас едім деп ойлаймын. Қазақстан бізді қолдады. Мен мұны бірнеше рет айтқанмын. Ата-анаммен бірге Астанадағы жаттығу корттарына алғаш келгенімізде, бізге жаңа доптарға толы тұтас бір қорап берді. Әкем сол кезде таңғалып: «Бұл тегін бе?» деп сұраған еді.

Өзімді қазақ қызындай сезінемін. Қазақстандағы адамдар маған спорттық мансабымды құруға көмектесті. Олар әрдайым менің жанымда, мені қолдайды. Әрине, менің орыс тамырым бар және Ресейді де ел ретінде жақсы көремін. Ал онда болып жатқан жағдайларға келсек — бұл туралы айту қиын, пікір білдіргім келмейді. Айтарым біреу: Қазақстанда мен бұрын-соңды болмаған қолдауға ие болып жүрмін».



Күн шежіресі