Юлия Ли маунтинбайктан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Юлия Ли маунтинбайктан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Ташкентте (Өзбекстан) маунтинбайктан 2026 жылғы Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы бір медаль жеңіп алды.

23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста Юлия Ли тұғырдың үшінші сатысына көтерілді. Қазақстандық спортшы XCC дисциплинасында қола медаль еншіледі.

Алтын медальді Ван Тин (Қытай) жеңіп алды. Оның командаласы Гун Сыин мәреге екінші болып жетті.

Айта кетейік, құрлық біріншілігінде ел намысын сегіз спортшы қорғауда. Азия чемпионаты 27 маусымда аяқталады.



Күн шежіресі