Италиядағы турнир: бүгін құрамадағы қай боксшылар шаршы алаңға шығады?
5 наурызда Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының сапынан екі боксшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ел құрамасынан шаршы алаңға ерлер арасында 63,5 келіде Мұхамедсабыр Базарбайұлы Тринидад және Тобагодан келген Доннел Филлиппен қолғап түйістіреді.
Сондай-ақ Асланбек Шымбергенов (80 келі) пен Сэм Моровати (Финляндия) шаршы алаңға шығады.
Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасынан Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмуд Сабырхан (57 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) қарсыластарын жеңіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Сондай-ақ қыздар арасында 60 келіде Римма Волосенко гайаналық Хаднас-Сах Тианнадан басым түсті.
Лицензиялық турнирде 2024 жылғы Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынады.
Былғары қолғап шеберлері ерлер арасында 28, әйелдер арасында 21 жолдамаға таласады. Турнир 3-12 наурыз аралығында өтеді.
Айта кетсек, қазірге дейін ел құрамасынан Азия ойындарында Карина Ибрагимова (57 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) Париж Олимпиадасына жолдама алып үлгерді.