Исмаил Хан NAIZA-мен келісімшартқа отырды

Исмаил Хан NAIZA-мен келісімшартқа отырды

Пәкістандық аралас жекпе-жек шебері Исмаил Хан NAIZA лигасымен үш жекпе-жекке арналған келісімшартқа қол қойды. Ол жеңіл және аса жеңіл салмақ дәрежелерінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sport+.

Исмаил ұзақ уақыт бойы аймақтық лигаларда жеңіліссіз сериясын жалғастырып, Flogger Series турнирінің аса жеңіл салмақтағы чемпионы атанды.

2023 жылы ол ONE Championship лигінде дебют жасап, Джун Гун Чоны (сабмишн) және Рабиндра Дхантоны (төрешілер шешімімен) жеңді.

2024 жылдың наурызында мансабындағы алғашқы жеңілісін алды. ONE Friday Fights 54 турнирінде Ирыскелди Дүйшеевке сабмишн әдісімен есе жіберді.

Кейін Brave Combat Federation лигасына ауысып, жеңісті сериясын қайта бастады. Ол Бағылан Жақаншаны, Ядвиндер Сингхті және Райымбек Тәжібаевты жеңді.



Күн шежіресі