logo

Ислам Чесноков «Хартс» сапындағы дебютін өткізуі ықтимал

Ислам Чесноков «Хартс» сапындағы дебютін өткізуі ықтимал

Қазақстандық футболшы Ислам Чесноков «Хартс» сапындағы алғашқы матчында команданың өтініміне енді, деп хабарлайды Sport+.

Шотландия чемпионатында көш бастап тұрған «Хартс» бүгін сырт алаңда «Данди» командасымен ойнайды.

Чесноков 99-нөмірмен тіркеліп, кездесуді қосалқы құрамда бастайды.

Матч Қазақстан уақытымен 19:00–де басталады.