Ислам Чесноков пен Рафаэль Уразбахтин — Премьер-лиганың қазан айындағы үздіктері
«Тобыл» жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков пен «Қайрат» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин қазан айында Премьер-лиганың үздік ойыншысы және бапкері атанды, деп хабарлайды Sport+.
Турнирде қатысатың клубтардың капитандары мен бапкерлерінің дауыс беруі арқылы үздік ойыншы анықталды. Сондай-ақ футбол клубтарының бас бапкерлері айдың үздік бапкерін таңдады.
Қазан айының үздік ойыншысы болып «Тобылдың» ойыншысы Ислам Чесноков танылды. Ол өткен айда қостанайлық клубтың барлық матчтарына қатысып, бір гол соқты. Бұл марапатты 24 жастағы жартылай қорғаушы осы маусымда үшінші рет иеленіп отыр. Сонымен қатар, ол 10 голмен турнирдің үздік сұрмергені атанды.
Қазан айының үздік бапкері атағы «Қайрат» клубының 45 жастағы бас бапкері Рафаэль Уразбахтинге берілді. Оның жетекшілігімен «Қайрат» қазан айында екі жеңіске жетіп, маусым қорытындысы бойынша Премьер-лига чемпионы атанды.