logo

Игор Шушу «Аят» командасының ойыншысы атанды

Игор Шушу «Аят» командасының ойыншысы атанды

Бұрынғы АФК «Қайрат» ойыншысы Игор Шушу рудныйлық «Аят» клубына қосылды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Шушу алматылық клубқа 2022 жылдың наурыз айында бразилиялық «Васко Футзал» клубынан ауысып келген. Ойыншы «Қайрат» сапында 72 матч өткізіп, 22 гол соқты. 2022/23 маусымының қорытындысы бойынша ол лиганың үздік ассистенті атанған. 2024 жылдың қаңтар айында «Қайрат» Шушуды маусым соңына дейін Чехияның «Хрудим» клубына жалға берген болатын.

Ойыншы «Аят» сапында «Тюменьге» қарсы екі жолдастық матчқа қатысып үлгерді.



Күн шежіресі