logo

Игита: Мұндай энергияны өмірімде ешқашан сезінген емеспін

Игита: Мұндай энергияны өмірімде ешқашан сезінген емеспін

Қазақстан футзал құрамасының қақпашысы және капитаны Лео Игита Өзбекстанда өтіп жатқан 2024 жылғы Әлем Чемпионатындағы ойынынан кейін жанкүйерлерге алғысын білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Рақмет, Қазақстан! Сіздердің қолдауларыңызға алғыс білдіруге сөз жетпейді! Мұндай энергияны өмірімде ешқашан сезінген емеспін. Әлі бәрі алда, менің күмәнім жоқ, бүкіл Қазақстан біздің алтыншы ойыншымыз болатынына сенемін», — деп жазды Игита өз Instagram парақшасында.

Еске салсақ, Қазақстан футзал құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатының ширек финалына дейін жетіп, Аргентинаға (1:6) жол берді. Бұған дейін қазақстандықтар қазіргі әлем чемпиондары Португалияны (2:1) сенсациялық түрде жеңген еді.



Күн шежіресі