Игита: Қазір ұлттық құрама сапында бәсекелестік жоғары
– Жеңіс әркез қуаныш әкеледі. Жүлдеге бір қадам жақындадық деп ойлаймын. Өте қарқынды үш апта өтті. Құдайға шүкір, ешкім жарақат алмады. Тек Альберт кішкен өзін жайсыз сезініп тұр. Мұндай-мұндай болып тұрады. Өйткені жүктемесі көп жаттығу болды.
Қазір ұлттық құрама сапында бәсекелестік жоғары. Бұл мені қуантады. Өз-өзімізді жеңу арқылы ғана құрама сапына ілінуге болады. Бар болғаны 14 орын. Бәрі мұны көріп жүрген шығар. Ақжол, Ринат, Төрехан секілді жас жігіттер құрамадағы орны үшін күресіп, әлем чемпионатына баруды қалайды.
Тәжікстан құрамасы уайымға салып қойды. Бірақ ойын жоспар бойынша өтті. Әлем чемпионатына дейін әрбір жаттығу, әрбір матч маңызды. Қақпамызды «құрғақ» сақтағанымыз қуантады. Бұл гол соққаннан да жақсы.
Құрамада төрт қақпашы бар. Бәрі әлем чемпионатына бару үшін күш-жігерін салады. Арасында мен тәжірибелі, әлем чемпионатын көрген, атым шығып тұрса да, жаттығуда еркінсуге болмайтынын түсінемін. Өйткені мен олар үшін үлгімін, маған қарап бой түзейді. Сондықтан жаттығуда жас жігіттермен қатар еңбектенемін. Нарун, Қанат, Ерасыл – бәрі құрамадағы орны үшін күреседі.
Қақпамызға гол жібермегеніміз – командалық ойынның нәтижесі.