IBA әйелдер боксына қатысты шешім шығарды
Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) әйелдер арасындағы жарыстарда қорғаныс шлемін киюге тыйым салды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Шешім Сочиде өткен директорлар кеңесінің отырысында қабылданды. IBA әзірге үш өту кезеңін қарастырған.
Шлемге тыйым салу маусымнан соң күшіне енеді. Негізі бұл талап бір жыл бұрын талқыланып бастаған.
IBA ұйымның уақытша мүшесі ретінде Бразилия бокс конфедерациясын қатарға қосты.
Сонымен қатар Белград 2025 жылы әйелдер арсында бокстан әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болды.