Гвардиола «Манчестер Ситидегі» дағдарыстың басты себебін атады
«Манчестер Сити» бас бапкері Хосеп Гвардиола клубтың қазіргі қиын кезеңі туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Sport+.
Соңғы 13 матчтың ішінде команда тек бір жеңіске жетіп, 9 рет жеңіліске ұшырады.
«Ең үлкен сынақ – қиындықтар туындаған кезде. Бұл мен бапкерлік мансабымдағы ең ауыр сынақтардың бірі. Біз ораламыз, бұрын да осындай жағдайды еңсергенбіз. Бұл маған өткендегі жетістіктерімізді еске түсіреді. Мүмкін, енді біз неге қол жеткізгенімізді толық түсінетін шығармыз. Қаншама жыл бойы біз тұрақты және керемет деңгейде ойнадық», — деп атап өтті Гвардиола.
Сондай-ақ бапкер дағдарыстың басты себебін атап өтті:
«Бізде жеті-сегіз ойыншы жарақат алды, олардың барлығы команда үшін маңызды. Ал әр үш күн сайын матч өткізу жағдайды одан әрі қиындатады», — деді ол Sky Sports басылымына берген сұхбатында.