Григорий Ломакин Шымкенттегі турнирдің жартылай финалына таласады
Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Шымкентте қатарынан өтіп жатқан екінші «Челленджер» турнирінің жұптық сынында сәтті старт алды. Ол ресейлік Петр Бар Бирюковпен бірге жарыстың үздік сегіз жұбының қатарына енді.
Алғашқы айналымда Ломакин мен Бар-Бирюков тандемі жапониялық Томохиро Масабаяши / Наоки Таджима жұбымен кездесті. Корттағы тартыс 1 сағат 13 минутқа созылды.
Ойын басында жапон спортшылары басымдық танытып, бірінші сетте 3:6 есебімен жеңіске жетті. Дегенмен, екінші кезеңде қазақстандық-ресейлік дуэт тізгінді өз қолдарына алып, 6:4 есебімен қарымта қайтарды. Ширек финал жолдамасының тағдыры супер-тай-брейкте шешіліп, онда Ломакин мен Бар-Бирюков дәлдік танытты - 10:5.
Енді жартылай финал жолдамасы үшін олар халықаралық жұп - Виктор Дурасович (Норвегия) / Кай Венельт (Германия) тандемімен шеберлік байқасады.
Айта кетейік, бұған дейін Григорий Ломакин жекелей сында іріктеу кезеңінен аса алмай, негізгі торға жолдама ала алмаған болатын.
Барлық маңызды спорттық оқиғаларды BeeTV-ден тамашала!
Қазақстанның «RG Gold» алтын өндіру компаниясы