logo

Григорий Бабаян: Нәтижеге көңіліміз толмайды

Григорий Бабаян: Нәтижеге көңіліміз толмайды

«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян «Қайратқа» қарсы өткен матчтағы (1:3) өз командасының жеңілісі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan:

«Біз бәріміз нәтижеге көңіліміз толмады. Жаттығуда команда мүмкіндіктерді жүзеге асырып, аптаның бойында сенімді болды. Өкінішке орай, ойында ештеңе жүзеге асыра алмадық, тіпті пенальтиді де. Бұл шешуші сәт болды. Қорғаныста сәтсіз ойнап, қарсыласымызға мүмкіндік бердік. Бірінші таймда қарсылас жалғыз мүмкіндігін пайдаланды. Екінші таймда біз басымдық танытып, мүмкіндіктер жасадық, бірақ қарсыластың шабуылынан гол жібердік. Өзгертуге тырыстық, барлық шабуылшыларымызды алаңға шығардық, бірақ соңғы минуттарда тағы да гол жіберіп алдық»