logo

Головкин әуесқой бокстағы мәселелерді пікірледі

Головкин әуесқой бокстағы мәселелерді пікірледі

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің (ҰОК) президенті Геннадий Головкин әуесқой бокстағы проблемалар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Мен мүмкіндіктердің бар екенін білемін, бірақ сонымен қатар жұмыс істеу қажет ететін көптеген салалар да бар. Менің ойымша, бұл менің елімде ғана емес, барлық елдерде әуесқой боксты қолдауға мүмкіндік. Барлық елдердің өкілдері жиналып, сөйлесу қажет деп айтар едім. Әуесқой бокс қазіргі уақытта қиын жағдайда тұр», — деп Головкиннің сөзін келтіреді Los Angeles Times.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың басында Геннадий Головкин ҰОК-тің басшылығына келді. Атақты боксшы бұл лауазымда қоғамдық негізде жұмыс істейді, сондықтан жалақы алмайды.