logo

Геннадий Головкиннің есімі халықаралық бокс даңқы залына жазылмақ

Геннадий Головкиннің есімі халықаралық бокс даңқы залына жазылмақ

Әйгілі қазақстандық боксшы, ҰОК басшысы Геннадий Головкин есімі халықаралық бокс даңқы залына енеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Геннадий Головкин міндетті түрде халықаралық бокс даңқы залына енеді. Ол енді кәсіпқой бокспен айналыспайды. Қазақстандық спортшы бокс мансабындағы жетістіктерімен мақтана алады, – деді Глейзер.

Еске салайық, «GGG» соңғы рет рингке 2022 жылдың қыркүйегінде Сауль «Канело» Альвареспен жұдырықтасқан болатын.

Қазақстандық боксшы супер орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекте мексикалықтан жеңіліп қалды.

Қазіргі уақытта 42 жастағы Головкин Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшысы қызметін атқарады.

Десе де кәсіпқой боксшы ретіндегі мансабы туралы ресми шешім жариялаған жоқ.