logo

Геннадий Головкиннің бапкері қазақстандық боксшыны жаттықтырып жүр

Геннадий Головкиннің бапкері қазақстандық боксшыны жаттықтырып жүр

Геннадий Головкиннің бапкері Джонатан Бэнкс екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедовты жаттықтырып жатыр, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Әли Ахмедов Instagram желісіндегі Storiеs-ке Джонатон Бэнкспен жаттығып жатқан сәтінен видео жариялады.

Айта кетейік, Әли Ахмедов – Геннадий Головкиннің промоутерлік компаниясының құрамындағы боксшы. 

Головкин 2019 жылы жаңа бапкері Джонатан Бэнксті таныстырған еді. 41 жастағы бапкер 2004-2014 жылдары кәсіпқой бокспен айналысқан.

Ол мансабында 29 рет жеңіске жетіп, 3 рет ұтылған және бір жекпе-жегі тең аяқталған. Әли Ахмедов соңғы рет шаршы алаңға 2022 жылы 17 қыркүйекте шығып, америкалық боксшы Габриэль Розадоны төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген еді.

Сөйтіп IBF NABO және WBC Silver титулдарына ие болды. Әли 2023 жылы 14 желтоқсанда Коста-Месадағы (Калифорния, АҚШ) бокс кеші аясында рингке оралмақ еді, бірақ жекпе-жек болмады.